Бүгін елімізде интернет дұрыс жұмыс істемеді. Соған байланысты қазақстандықтар әлеуметтік желілерде шағымдарын жеткізді, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
«Жекелеген интернет-ресурстардың уақытша істен шығуы құрылыс кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдануына байланысты болды. «Қазақтелеком» АҚ дерегінше, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафик бағыттарының бірін қамтамасыз ететін негізгі кабельді зақымдаған. Мамандар трафикті жедел түрде резервтік арналарға ауыстырып, толық ажырауға жол бермеді», – делінген Цифрлық даму министрлігі хабарламасында.
Қазір ақау қалпына келтіріліп жатыр.
