Жолаушылар «Маңғыстау–Семей» пойызындағы тарақандарға шағымданды. №37 пойыз жолаушылары вагон ішін қаптапған жәндіктерден ұйықтай алмаған. Олар пойыздағы антисанитариялық жағдайға наразылық білдірген, деп хабарлайды SteppeNews.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап. Жолаушылардың тағы бірі дезинсекцияның жеткіліксіздігінен Маңғыстау–Алматы пойызында да жағдай осындай екенін айтқан. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз станцияға жеткен соң жоспардан тыс дезинсекциялық өңдеу жасалатынын хабарлады. Компания өкілдерінің айтуынша, соңғы жоспарлы дезинсекция мамырдың 30-да жасалған.Тексеріс нәтижесінде пойыз бастығы, филиал басшылығы және рейс алдындағы комиссия мүшелері тәртіптік жауапқа тартылды. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтау үшін «Батыс» филиалына жіберілді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері жолаушылардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, санитариялық жағдайды жақсартуға уәде етті.
Trending
- Министрлік интернеттегі ақаулардың себебін түсіндірді
- Елде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі көтерілді
- «Маңғыстау–Семей» пойызын тарақандар қаптаған
- Шетелдік маркетплейстерден тауар алу тәртібі өзгереді
- Батыс Аустралияда алып акула ер адамға шабуыл жасады
- Таиландта ауыр дертке шалдыққан қазақстандық көз жұмды
- Қарызын өтемеген тұрғындар жарықтан ажыратылады
- Шымкентте балабақша тәрбиешілерінің сұмдық әрекеті әшкере болды
