Астанадағы LRT «Тарлан Астана» деп аталады. Қалалық мәслихат отырысында жеңіл рельсті көлік жүйесінің атауын өзгерту ұсынылды, — деп хабарлайды SteppeNews.kz BAQ.kz-ке сілтеме жасап. Астана қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек осылай деп мәлімдеді. Ономастика комиссиясы бірнеше нұсқаны талқылады. Нұсқалардың ішінде: «Қыран», «Құлан», «Аспан», «Тарлан» және басқа да атаулар болған. Комиссия мүшелері LRT-ға «Тарлан Астана» атауын беруді бірауыздан қолдады. Басқарма өкілдерінің айтуынша, жаңа атау ұлттық болмысқа сай, есте сақтауға жеңіл әрі халықаралық форматқа бейімделген. «Тарлан» сөзі қазақ дүниетанымында еркіндік, жылдамдық, күш-қуат пен сенімділікті білдіреді.
Келесі материал: Орталық Азияның жетекші БАҚ өкілдері Шыңжаңдағы Бортала-Моңғол автономиялық округіне сапар жасады
