SteppeNews.kz: Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% өсіп, 4,1 млн тоннаны құрады.
Сонымен қатар, сұрыпталған қалдықтар көлемі 1,5 млн тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 16,3% артты. Сұрыпталған қалдықтардың құрылымында макулатура мен картонның үлесі 9,4%-ды, ал пластиктің үлесі 9%-ды құраған.
Өңірлер бөлінісінде сұрыпталған қалдықтар көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр — 409,3 мың тонна. Сондай-ақ, алдыңғы қатарда Астана қаласы (377 мың тонна) және Қарағанды облысы (243,9 мың тонна) бар.
2025 жылдың қорытындысы бойынша елде коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен айналысатын 846 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұдан бөлек, қалдықтарды сұрыптау, кәдеге жарату және көму жұмыстарын 278 ұйым жүзеге асыруда.
