Жаңалықтар

Мұз қату кезеңінде Есіл өзенінде профилактикалық рейд өтті

Елорда құтқарушылары бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен су айдындарында алдын алу бағытындағы рейдтік іс-шара ұйымдастырды деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ, 112 KZ сілтеме беріп

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында рейд кезінде аэроқайық, қарда жүретін арнайы техника және квадроциклдер қолданылды.

Фото: 112 KZ телеграм арнасынан

Іс-шараның басты мақсаты – мұз қату маусымында жазатайым оқиғалардың алдын алу. Рейд барысында өзен маңында жүрген балықшылар мен қала тұрғындарына жұқа мұздың қауіпті екені түсіндіріліп, су айдындарында өзін қауіпсіз ұстау ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі туралы ақпарат берілді.

Добавить комментарий