STEPPENEWS.KZ: Алматыда Beles Almaty 2025 спорт жылының қорытындысы салтанатты түрде аталып өтті. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Қала басшысы құттықтау сөзінде Алматының спортты дамытудағы маңызын және спорт қауымдастығының қол жеткізген нәтижелерін атап өтті.
«Алматы қазақстандық спорттың алтын бесігі ретінде танылған, бұқаралық және кәсіби спортты дамытуда жетекші орталық болып қала береді», – деді әкім.
Ол биылғы жылы қала спортында ерекше оқиғалар болғанын, алматылық спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстардағы табыстарын және спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ірі жобаларды атап өтті. Қалада алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, «Медеу» спорт кешені жаңғыртылуда, сондай-ақ 45 мың орындық жаңа стадион құрылысы басталды.
Әкім алматылық спортшылардың Қысқы Олимпиадаға қатысуы – маңызды кезең екенін айтып, оларға сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі.
Іс-шарада бірқатар аталымдар бойынша марапаттау рәсімі өтті, спорт жылы қорытындысы мен жаттықтырушылардың еңбегіне арналған бейнематериалдар көрсетілді. Марапаттарды Алматы қаласының әкімі, Мәслихат төрағасы және Спорт басқармасының басшысы табыс етті. Шара мәдени бағдарламаға ұласты.

