STEPPENEWS.KZ: Бүгін құтқару қызметтері кеше Букреев шыңы маңында жоғалып кеткен адамға тиесілі болуы мүмкін әйел адамның мәйітін анықтады. Марқұмның жеке басына қатысты қажетті сараптамалар аяқталғаннан кейін ресми түрде нақтыланатын болады.
Курорт әкімшілігінің мәліметінше, қайғылы оқиға курорт аумағынан тыс, жабдықталған трассалардан алыс жерде орын алған және олардың жауапкершілік аймағына кірмейді.
Алдын ала деректерге сәйкес, бойжеткен таулы аймаққа жалғыз өзі шыққан және құтқару қызметтерінде тіркелмеген. Құтқарушылар марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, тұрғындарды тауда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, белгіленген бағыттардан шықпауға және тауға жалғыз бармауға шақырды.
