“Жаужүрек мың бала”, “ Миллионға келістік” фильмінің “ Жас Ұлан”, Жаным”, “ Күзгі аспан” сериалдарының продюсері, “Продюсер мамандығы” кітабының авторы Алия Увальжанова.

«Продюсер мамандығы» кітабыңыз туралы айтып кетсеңіз?
— Бұл кітапты жазу 2011 жылы ойға келді. Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнәр Әбікеевамен бірге кітапты жазып шықтық. 2022 жылы орыс тілінде жарық көрді, 2023жылы қазақ тіліне өнертанушы Ғайнижамал Әбілдинаның көмегімен аударылды. Кітапта продюсерліктің майын ішіп, жілігін шаққан кәсіби 10 маманының іс-әрекеті суреттелген. Максим Смағұлов, Ораз Рымжанов, Сайын Ғабдуллин, Гүлнәр Сәрсенова және т.б. Жалпы туынды қазіргі жастарға өте қажет оқулық. Кітаптың толық шығуына атсалысып, әдемі дизайнмен әрлеген автор — Анастасия Таукел. Ол әр оқырманға шығарма қызықты әрі пайдалы болуы үшін кез келген қажет деген элементті қолдана білді. Қазіргі кезде Меломан кітап дүкендер желісінде сатылымда тұр.
Қазіргі киноиндустрияның ахуалы қандай деп ойлайсыз?
— Қазіргі таңда халықтың сұрасынысына ие болатын фильмдер комедия жанрында. Комедиялық фильм ең қиын жасалынатын дүние, адамдарға астарлы ой қалдыра отырып көңілін көтеру өте қиын. Соңғы 5 жылдықта комедия саласы қарқынды дамып, қазір өз алар орынын тапты десек болады. •Көңіл көтеретін фильмдер көп болғанымен олардың барлығының өзіндік қоғамға қалдырып кететін ойы терең емес. Халық киноға тек демалу үшін, күнделікті өмірден тынығу үшін баратын болып кеткен. Сондықтан олар жеңіл жанрды таңдайды. Бұрын киноларда цензура болатын, ұят, ұяңдылық керемет көрініс табатын, ал қазір барлық жағдай ашық түрде көрсетіп кетті. Мәселен не үшін белгілі халық зиялыларына арналған деректі фильмдердің премьерасына кезекке тұрып кіріп жатқан көрермен жоқ.

Себебі, терең мағыналы, ауыр сценалы эпизодтар адамның ойына қиыншылық тудыруы мүмкін. Дегенменде ой қалдыратын, барлық жағынанда сапалы фильмдердің көрермен санын көбейтуіміз керек. Халық қызығатындай және мәнін жоғалтпайтын туындыларды шығарғанымыз абзал. Ол продюсерлердің жауапкершілігінде. Әрдайым ізденісте, жаңа дүниелер тауып, шығарып отыру қажет. Жас продюсерлерге қандай үш кеңес берер едіңіз? — Алдымен біліктілік болуы керек, өз позициясын дұрыс жеткізе білу және тәуекел жасаудан қорықпайтын батыл болған жөн. Мен комедия жанрының қиындығына көз жұмып“ Миллионға келістік” жобасын барынша батылдықпен прокатқа шығардым. Алайда ол сәтті болмады. Еш өкінбеймін себебі оған дейінгі туындыларымның бағыты басқа, ал бұл мүлдем жаңа тәжірибе. Фильмде адамның жеке басына емес өткен ситуацияға арналған әзілдер жиналған. Барынша элиталық жерлерде және ешқандай балағаттау, бопсалау сценалары жоқ. Менің жоспарымда бұл туынды мінсіз форматтағы, жаңа бағыттағы оригиналды кино ретінде танылған болатын. Сценариймен жұмысты өте тиянақты түрде жасап шықтық, дегенменде сәтті шықпады. Қазіргі таңда осы жайлы анализ жүргізудемін. Халық қандай ұсынылған бағытты таңдайды сол жайында біраз зерттеу үстіндемін. Бізде кино сәтті шығады немесе сәтсіз шығады. Әр продюсердің басынан сәтсіз жобаның болуы ол қалыпты тек ғана еш мойымай қателіктерін дұрыстап қайтадан келесі туындысын қолға алуы керек. Соғыс тұтқыны атты киноңыз жайлы айта кетсеңіз. — Киноның идеясы 14 жыл бұрын жарық көрді. 2019 жылдың басында түсіріле бастады. Алайда 2020 жылы пандемия ға байланысты үзіліс алған болатын. Бұл жобаға өте ұзақ дайындалдық. 2007 жылы архивтегі газеттердің бірінен Жапонияның императорлық әскери училищесінің курсанты Ахико Тецуроның 15 жаста тұтқынға түскені жайында оқыдым. Сол заманда Карафута аталған аралда тұтқынға түседі. Сосын оны Қазақстанға жер аударады. Ең алдымен жас баланың тағдыры қызықтырды. Біз Ахиконы тауып, 2007 жылы Қарағандыдағы Ақтас ауылына бардық. Ол туралы деректі фильм түсірдік. Өз тағдыры туралы әңгімелеп берді. Нәтижесінде осы көркем фильмнің синопсисі дүниеге келді. Авторлық құқық алдым. Бірнеше жыл бойы Мәдениет министрлігіне толықметражды фильм шығару туралы өтінім жібердік. Әртүрлі жағдай болып, идея жүзеге аспады. 2018 жылы министрліктен «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен толықметражды кинокартина түсіру туралы ұсыныс түсті, ары қарай біз киноны аяқтадық. Жапония мемлекетінде желтоқсан айында премьерасы болып 3 аптаға созылды. Қазақстанда премьера жақын арада болады. Мөлдір Кененбаева Алия ханымның әріптесі, жас продюсер.
Қазіргі таңдағы кинотеатрда прокатқа шығарылатын фильмдер жайлы пікіріңіз қандай?
— Кинотеатрға шығатын фильмдер көбінесе қаржылай бағытта түсіріледі. Яғни 80 милион теңгеге түсірілім өткен болса 160 милион теңге жинау үшін фильмнің жарнамасын дамытады. Кей жағдайда блогерлер арқылы аудитория жинайды, тіпті алдын ала өсек-аян, жанжал ұйымдастырып паппарация жасайды. Өзімнің ондай киноларға көз қарасым жаман. Одан бөлек комедия жанрындағы кинолардың сценарийлерін де тым арзан әңгіме айтады. Әйел адамды ары да бері де төмендетіп, балағат сөздер айтықызып, дөрекі қылып көрсетеді. Сондықтан барынша тәрбиені өзімізден бастап әріптестер арасында ресми тілде сөйлесеміз. Тіпті түсірілім басталар алдын да бәріміз бір-бірімізді сыйлаймыз, дауыс көтеріп сөйлеп, дөрекілік көрсетсең есік ашық деп алдын ала командамен келісіп аламыз.
Жобаларыңыздың нәтижелі болуынының сыры неде?
— Оның сыры стратегия құруда. Нақтырақ айтсам біз әріптестерімізбен бірге алдын ала 5 жылға дейін жоспар құрып нақтылаймыз, сосын сол бойынша жұмыс жасаймыз. Қазір қарасам көптеген продюсерлер осы стартегиямен жұмыс жасамайды. Дамуға талпыныс жоқ, дұрыс маркетингке назар аудармайды. Мысалы бір фильм болса, оны соңына дейін дамытып, кем дегенде 3 жылға дейін стратегия құру керек. Егер соңына дейін істі апармасаң сені кім таниды.
Сұхбаттасқан Анель САЛМАН
