Атырау облысында жантүршігерлік оқиға болды. Құрманғазы аудандық әкімдігінің қызметкері өз-өзіне қол жұмсады.
Оқиғаның мән-жайы
Бұл туралы ақпарат Atyrau ONLINE Telegram каналында жарияланды. Жазбада марқұмның 36 жаста болғаны айтылған.
Ол жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
«Алдын ала мәлімет бойынша ер адам отбасылық жанжалдан кейін аңшы мылтығымен өзін-өзі атып өлтірген», — делінген хабарламада.
Полиция не дейді
Қайғылы оқиғаны Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Тергеу жүргізіліп жатыр», — деп қысқаша хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Марқұмның бірнеше жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істегені белгілі болды. Әріптестерінің айтуынша, ол байсалды, ортасына сыйлы болған.

