Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жаңбыр жауып, тұман түседі және жел соғады деп болжап отыр, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды.
Жезқазған мен Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе және Қызылорда облыстарында тұман түсіп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауып, тұман түседі, жел соғады.
Ұлытау және Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өрт қаупі өте жоғары.
Шымкент, Түркістан, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларында және Абай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өрт қаупі өте жоғары.
Тараз, Орал қалаларында, Қостанай, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында 25 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман түседі деп болжанып отыр.

