«Қазгидромет» РМК 29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында түнде -2…-8°С дейін суытады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +8…+15°С аралығында жылы болады. Астанада бұл күні жауын-шашынсыз, күндіз +11…+13°С күтіледі.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай күтіледі, түнде +7…+12°С, күндіз +19…+24°С. Жамбыл облысында да таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте ауа температурасы күндіз +19…+21°С шамасында. Кешкі уақытта тұман түсу ықтималдығы бар.
Алматы, Жетісу және Алматы облыстарында да жауын-шашын байқалады. Таңертең және күндіз аздаған жаңбыр күтіледі, күндіз ауа температурасы +15…+18°С. Жетісу облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, күндіз +14…+19°С. Талдықорғанда түнде +3…+5°С, күндіз +17…+19°С жылы болады.
Батыс өңірлерде ауа райы құбылмалы. Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз +10…+15°С. Атырау облысында жауын-шашынсыз, күн жылы – +16…+18°С. Маңғыстауда да жауын-шашынсыз, жел күшейеді, ауа температурасы +18…+20°С. Ақтөбе облысында жауынсыз ауа райы сақталып, күндіз +13…+15°С болады.
