Астанада жол талғамайтын Lexus көлігін мінген жүргізуші жолаушыны қағып өлтірді.
Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеоға назар аударсақ, жаяу жүргіншінің арнайы белгісі бар орыннан өтіп бара жатқанын байқауға болады.
Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті ресми түрде түсініктеме берді.
«Lexus» маркалы автокөліктің жүргізушісі Алаш тасжолы бойымен қозғалып келе жатып, жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген түсініктемеде.
Астана қалалық Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда ерекше сақ болуға шақырады.
