Қызылорда облысында полицейлер үш жасар баланы әкесімен қауыштырды.
MadeniPortal.kz порталының мәліметінше, Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Керимхан Аппазов пен ювеналды полиция инспекторы Бекзатхан Тоханов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ата-анасының қарауынсыз жүрген үш жасар баланы байқады.
Полицейлер баланың ата-анасын дереу іздеуге кірісті. Көп ұзамай жоғалған баланың әкесін тауып, анамен аман-есен қауыштырды.
«Тексеру барысында әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткенде бала көліктен түсіп қалған. Әкесінің көлігінен алыстап кеткен балақай адасып қалды», — деп жазылған ақпаратта.
Баланың ата-анасы полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел әрекетіне алғыс айтты.
