Германия тұрғыны Төменгі Саксониядан ежелгі Рим монеталарының үлкен қазынасын тауып алып, оны сегіз жыл бойы биліктен жасырған.
Live Science мәліметі бойынша ер адам 2017 жылдан бастап металл іздеушінің көмегімен Борсум елді мекені аумағында құнды заттар іздеген. Ол қазба жұмыстарын заңсыз жүргізген. Сондықтан қазынаны тапқан кезде оны құпия ұстауды шешкен.
Қазына іздеуші 2025 жылдың сәуірінде ғана өз олжасын жариялауға шешім қабылдады. Қазан айында археологтар олжа табылған жерге барып, 2000 жыл бұрынғы басқа да монеталарды тапты. Артефактілердің жалпы саны 450-ге жуықтады. Бұл Төменгі Саксонияда табылған ең ірі ежелгі Рим қазыналарының бірі. Монеталар ерте Рим империясы дәуіріне жатады. Олар біздің заманымыздың I ғасырында, республика құлағаннан көп ұзамай соғылған. Ғалымдар олардың бұл аймаққа қалай келгенін анықтауға кірісті.
Еске сала кетейік, Францияның оңтүстігіндегі Овернь аймағында тұратын 52 жастағы фермер Мишель Дюпон өз жерінен құны 3,5 миллиард еуродан асатын саф алтын тауып алған болатын.
