Маңғыстау облысында жеңіл көлік жолға шығып кеткен түйемен соқтығысты. Оқиға 26 қазан күні кешке Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында болған, деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға қалай болды?
Полицияның мәліметінше, ауыл тұсында келе жатқан Lada Largus көлігі жолға кенеттен шыққан түйемен қақтығысқан.
Апат салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ. Автокөлікке зақым келгені хабарланды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Түйе иесіне айыппұл салынды
Полиция түйе иесін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы — «Ауылшаруашылық жануарларын жаю қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырылды.
Ведомствоның мәліметінше, оған 3 айлық есептік көрсеткіш (11 796 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Контекст
Полиция тұрғындардан мал иелерінің жануарларды қараусыз жібермеуін, ал жүргізушілерден қараңғы уақытта жолда аса сақ болуын сұрайды.
