Петропавлда көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 13 адам эвакуацияланды.
Өрт балконнан басталған
Төтенше жағдай 27 қазан күні Болатбаев көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелген. Алдын ала мәліметке сәйкес, балкондағы тұрмыстық заттар жанып кеткен. Жалынның жалпы аумағы шамамен 5 шаршы метрді құраған.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
