Ресейдің Орал өңірінде тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, кейін оны бөлшектеуге әрекеттенген.
ural.kp.ru дерегінше, бұл оқиға Екатеринбург маңындағы Березовский қаласында болған. 50 жастағы ер адам әйелінен сорпа пісіру үшін тауық етін боршалап беруді өтінген. Әйелі оның өтінішін орындаудан бас тартқан, ер адам ашуланып кетіп, оны пышақтап өлтірген.
Қылмыстан кейін ол әйелінің денесін бөлшектемек болған, бірақ ойлағанын толық жүзеге асыра алмаған – тек дененің жоғарғы бөлігінен терісін сыпырып, мүрдені сарайға тығып қойған.
Бір апта бойы ер адам ештеңе болмағандай қалыпты өмір сүрген, алайда кейін өзі полицияға барып, қылмысын мойындаған.
Еске сала кетейік, Астанада өзімен бірге тұратын әйелді өлтірген ер адам 25-қабаттан секіріп кетіп, тірі қалды. Полиция департаменті берген мәліметке сүйенсек, ер адам әйелмен заңды некеде тұрмаған.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, азаматтық некеде тұратын ер мен әйел арасында жанжал туындап, сол кезде ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Кейін ер адам тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен», — деп хабарлайды Астананың полиция департаменті.
Ауыр жараланған ер адам тірі қалды.
