Француз полициясы 19 қазанда Лувр музейін тонады деген күдікке ілінген екі адамды ұстады. Тергеушілер олар 88 миллион еуроға бағаланған зергерлік бұйымдарды ұрлаған төрт адамнан тұратын қылмыстық топтың құрамында болған деп есептейді, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасай отырып.
Бірінші күдікті Алжирге ұшпақ болған кезде Руасси әуежайында тұтқындалды. Екіншісін Париж сот полициясының қызметкерлері Сен-Сен-Дени департаментінде ұстады.
Операцияны Франция Ішкі істер министрлігінің бандитизмге қарсы бригадасы (BRB) жүргізді.
Екі адамның да бұрын тонау істерімен аты шыққан. Оларға «ұйымдасқан ұрлық» және «қылмыстық келісім» бойынша айып тағылды. Заңға сәйкес, олар 96 сағатқа дейін қамауда ұсталуы мүмкін.
Қылмыстың мән-жайы
Қылмыс Луврдың ең танымал залдарының бірі – Аполлон галереясында болды. Бірнеше минут ішінде қылмыскерлер Наполеонның әйелі, Мария-Луиза патшайымның коллекциясынан алқа мен сырғаларды қоса алғанда, тоғыз тарихи зергерлік бұйымды, сондай-ақ Мария-Амалия патшайымға, Гортензия де Богарнеге және Евгения патшайымға тиесілі зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті.
Тергеушілер тағы екі күдіктіні іздеуді жалғастырып жатыр.
