Түркістан облысында полицейлер медициналық мекемеден қашып кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қашқын қалай табылды?
Полиция мәліметінше, ер адам Түркістан қаласында танысының үйінде жасырынып жүрген және жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұсталған. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.
Оқиға қалай болды?
Қашу фактісі 23 қазанда тіркелген.
Оны іздеуге барлық полиция бөлімшесі, блок-посттар, қосымша іздеу топтары жұмылдырылған.
«Жағдай Түркістан облысы ПД басшысының жеке бақылауында», – делінген хабарламада.
