Алматыда 26 қазан күні өтетін «Қайрат» – «Астана» футбол матчы кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Қай көшелер жабылады?
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 12:00–18:00 аралығында Сәтпаев көшесі Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін екі бағытта да (шығыс-батыс) жабылады.
Мұндай шектеу орталық стадионда өтетін матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Полиция тұрғындарға үндеу жасады
Құқық қорғау органдары алматылықтарға келесі кеңестерді берді:
- жолға алдын ала жоспар жасап шығу
- көлік қозғалысына қойылатын уақытша талаптарды түсіністікпен қабылдау
- жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау.
«Полиция Алматы тұрғындары мен қонақтарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады», – деді ведомство.
