Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 3 жасар қыз ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер тексере келе оның басынан, денесінен ауыр жарақаттар алғанын анықтаған. Оған жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеген, сөйтіп сәби алған жарақаттарынан көз жұмды.
-Аталған қылмысты жасауы мүмкін күдікті ретінде оның әкесі ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады,-деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.
Осыған дейін Павлодар облысында онкологиямен ауыратындар саны азайып келе жатқаны туралы жаздық.