Жаңа шешімге сәйкес, 2025-2027 жылдарға арналған Қостанай қаласының бюджеті қайта бекітілді.
2025 жылға арналған кірістер көлемі 119 млрд 846 млн 807 мың теңге болып айқындалды. Оның ішінде:
– салықтық түсімдер – 85 млрд 802 млн 82 мың теңге;
– салықтық емес түсімдер – 574 млн 937 мың теңге;
– негізгі капиталды сатудан түсімдер – 11 млрд 774 млн 984 мың теңге;
– трансферттер – 21 млрд 694 млн 804,2 мың теңге.
Шығыс бөлігі 130 млрд 120 млн 10,1 мың теңгені құрады. Таза бюджеттік кредиттеу – 335 млн 706 мың теңге, ал қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 2 млрд 674 млн 439,3 мың теңге көлемінде белгіленді.
Қостанай қаласының жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 384 млн 919 мың теңге мөлшерінде бекітілді. Шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар, 2026 жылға арналған бюджет көрсеткіштері нақтыланды. Алдын ала мәлімет бойынша, кірістер 128 млрд 279 млн 90,4 мың теңгені, шығыстар 126 млрд 811 млн 87,4 мың теңгені құрайды.
Толығырақ құжатпен сілтеме арқылы танысуға болады.
Айта кетейік, Қостанай облысында 96 млн теңге аграрлық субсидияны ұрлағандар сотталды.