Сайыс пилотсыз авиациялық жүйелерді (ПАЖ) жауынгерлік және кәсіби даярлықта қолдануды дамытуға, оны киберспорт элементтерімен және озық технологиялармен кіріктіруге, сондай-ақ бөлімшелердің техникалық әлеуетін жетілдіруге бағытталды.

Турнир сонымен қатар сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға, олардың өзара әрекеттесуін, білім және тәжірибе алмасуын қолдауға арналды.

Бағдарлама ПАЖ басқару бойынша бірнеше жаттығуды қамтитын екі кезеңнен тұрды. Жүлделі орындар үшін мемлекеттік күштік құрылымдардың FPV-дрон операторларының 14 командасы бақ сынады.
Екі күндік сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1-орын – ҚР МКҚ 1-командасы;
2-орын – ҚР МКҚ 2-командасы;
3-орын – ҚР ҰҚК «А» қызметі командасы.

Күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының сайысы екінші рет ұйымдастырылды.
Алғашқы турнир биылғы сәуір айында өтіп, онда МКҚ, ҰҚК «А» қызметі және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрамалары жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетейік, Қазақстандық оқушылар FIDA дрон-соккер бойынша әлем чемпионатына қатысып жатыр.