1980 жылдары көлдің ұзындығы 140 шақырым, ал ені 55 шақырым болатын, бірақ 2025 жылдың жазына қарай жерсеріктен түсірілген суреттерге қарағанда одан бірнеше шалшық қалғаны көрініп тұр.
Іran News Update мәліметінше, елде миллионнан астам заңсыз құдық бар, олар жылдар бойы жер асты суларын тауысқан.
Жағдайды ауыл шаруашылығы ушықтырып тұр: ол Иранның су ресурстарының 88%-ын тұтынады, бірақ жалпы ішкі өнімнің 10%-ға жуығын ғана беріп отыр. Салдарынан ел жыл сайын табиғи ресурстар толтыра алатын судан 43 млн текше метрге көп суды тұтынып келеді.
Урмияның жойылып кетуі жүздеген мың адамның өміріне әсер етті: қазір аймақ топырақты бұзып, ауыл шаруашылығын жүргізуді мүмкін етпейтін тұзды дауылдардан зардап шегіп отыр.
Еске салайық, шілдеде Иран президенті Тегерандағы су мәселесі күрделі екенін мәлімдеді.
Пезешкиан сондай-ақ бұл жағдайдың өткендегі дұрыс емес шешімдерден туындағанын атап өтті.
Тамыз айында Пезешкиан ирандық ғалымдар мен интеллигенцияны су дағдарысын шешуге көмектесуге шақырды.