Бір шыныаяқ кофенің құны – 2500 дирхам (680 АҚШ доллары). Қымбат кофені сатып алған адамның кім екені белгісіз.
Бұл қымбат әрі ерекше сусынды әзірлеу үшін Панамадағы Hacienda La Esmeralda феркасында өсірілген сирек кездесетін Geisha арабика дәндері пайдаланылған.
Бұған дейін біз 2025 жылы жаһандық нарықта кофенің бағасы қалай өзгеретіні және оның қазақстандық тұтынушы үшін қалай әсер ететіні туралы жазған болатынбыз.
Көктемде Қазақстанның кофе импортын айтарлықтай арттырғаны хабарланған еді.
Ал тамыз айында Шымкентте ірі көлемдегі қолдан жасалған (контрафакт) кофе тәркіленді.