— Бізде «ерікті деген 35 жасқа дейінгі адам» деген ұғым қалыптасқан. Алайда кейбір акцияларға ата-әжелер де қатысады. Мәселен, бір апта бұрын өткен акциямызға 70-ке жақындаған әжеміз келіп көмектесті. Жалпы, Еуропа елдерінде ол қалыптасқан үрдіс. Оларда ерікті қариялардың бөлек ұйымдары бар. Осындай қозғалыс біздің елде де болады деген сенімдемін, — деді ол «Jibek Joly» арнасындағы «БүгінLive» бағдарламасында.
Сондай-ақ спикер Алматыда ашылмай жатып вандалдардың шабуылына ұшыраған Almaty Museum of Arts-тағы жағдайға қатысты пікірін білдірді.

– Нақты осы жағдайды әлеуметтік желіден көрдім… Қазіргі уақытта вандализм жасағандарға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл шамамен 750 мың теңгеден астам сома (786400 тг – ред.). Бұдан бөлек, 160 сағат қоғамдық жұмысқа тарту және 50 күн қамауға алу жазасы бар. Бұл – комплескті түрдегі проблема. Біздің жастарда тәрбие бар, бірақ кейбір кездерде түсініксіз жағдайлар болып тұрады. Сондықтан менің ойымша жастар арасында профилактикалық жұмыстарды көбірек жүргізу керек, — деді Арсланбек Мағзұм.
Айта кетейік, өткен жылы елімізде вандализмге қатысты жаңа заң қабылданды.
Сондай-ақ жыл басынан бері елордада вандализмге барған 160 адам жазаланды.