Бұл туралы Deutsche Welle-дің түрік қызметі хабарлады.
БҰҰ Бас ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке келген Ердоған күзетшілердің қоршауында көшеден өтпек болған кезде тоқтатылды. Осы кезде АҚШ президентіне тиесілі болуы мүмкін VIP кортеж өтіп бара жатқан. Түрік көшбасшысының командасы темір тосқауылдарды алып тастауға әрекеттенген кезде олар мен полиция арасында шағын қақтығыс болған. Түркия президентіне ақыры кортеждің өтіп кетуін күтуге тура келді.
Бұған дейін Нью-Йорк полициясы президент Дональд Трамптың кортежіне байланысты көшелерді жауып, Франция президенті Эмманюэль Макронның көлігін тоқтатқанын жазған болатынбыз.
Макрон БҰҰ штаб-пәтерінен шығып, Франция елшілігіне бармақшы болған кезде оның көлігін Трамптың кортежінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Нью-Йорк полициясының қызметкерлері тоқтатты. Француз көшбасшысы көлігінен түсіп, Трампқа телефон соқты.