Анықталғандай, 7 тамыз күні Денов ауданында тұратын 1958 жылы туған әйел кәмелеттік жасқа толмаған немересі А.Р.-ны (2009 ж.т. қыз бала) сол ауданда тұратын М.Р.(1997 ж.т.) есімді азаматқа күйеуге берген.
А.Р. кәмелеттік жасқа толмағандығына байланысты М.Р.-мен заңда белгіленген тәртіппен есепке алынбаған, азамат И.М (1950 жылы туған ер адам) материалдық пайда алу мақсатында оларға діни неке қию рәсімін жасаған.
Осы оқиға бойынша И.М.-ға қатысты ӨР ҚК-нің 125-1-бабымен, азамат М.Р-ға қатысты ӨР ҚК-нің 128-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді Денов аудандық ішкі істер бөліміне қарасты тергеу бөлімі жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда мас күйінде 23 баланы тасымалдаған Damas жүргізушісі қамауға алынды.