Жаңа әдістің сынақтарын ұйымдастырған uniQure компаниясы АҚШ пен Еуропада 2022 жылы ота жасалып, кейін үш жыл бойы бақылауда болған ерікті пациенттерде Хантингтон сырқатының даму қарқыны 75%-ке баяулағанын мәлімдеді.
Хантингтон ауруының алғашқы белгілері әдетте 30 жастан кейін пайда болады. Науқас бұл сырқатпен 20 жылдан артық өмір сүрмейді.
— Әлсіреудің бір кезеңі, әдетте бір жылға созылады. Емделгеннен кейін 4 жыл қажет. Бұл пациенттерге ондаған жыл өмір сыйлайды. Біз ешқашан клиникалық прогрессті 75% бәсеңдетуді армандамаған едік, — деді экспериментке қатысушы, клиникалық неврология профессоры және Лондон университеттік колледжінің Хантингтон ауруы орталығының директоры Сара Табризи.
Айта кетейік, Қарағандылық ғалымдар ерекше биоимпланттар әзірлеп жатыр.