Отырыста басты назар азаматтық қорғау саласындағы үшжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне аударылды.
Шыңғыс Әрінов көлік пен су объектілеріндегі қауіпсіздік мәселелеріне, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді.
Отырыс қорытындысы бойынша келесі жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға халықаралық оқу-жаттығулар, практикалық семинарлар және құтқарушылар арасындағы жарыстар енгізілді, бұл кәсіби байланыстарды нығайтып, төтенше жағдайларға ден қою дайындығы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Алқаның келесі отырысы 2026 жылы Беларусьте өтеді, онда тараптар азаматтық қорғау саласындағы бірлескен жобаларды талқылауды жалғастырады.
— Иркутск облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан делегациясы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болғандарды еске алу мақсатында «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды. Бұл мәнді шара тарихи естеліктерді сақтаудың және бауырлас халық арасындағы мызғымас достық байланыстардың маңыздылығын айқындап көрсетті, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына жаңа техникалар табысталғаны туралы жарияладық.