Табиғи апат туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жариялаған.
Жер сілкінісінің ошағы 244 мың адам тұратын Валера қаласынан солтүстік-батысқа қарай 68 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері 8 шақырым тереңдікте болған.
Әзірге табиғи апаттан зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске салайық, Камчаткада бір тәулікте 130-дан астам жер сілкінісі тіркелген.
Сондай-ақ Тынық мұхитында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды.