Тәртіп сақшылары «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы және Жол активтері сапасының ұлттық орталығы өкілдерімен бірлесіп, өңірдегі жол жағдайын тексеріп жатыр. Соның барысында жол белгілері мен таңбалардың жарық қайтарғыш қасиеті, қоршаулардағы жарық шағылыстырғыш катафоттардың жарамдылығы, жол қозғалысын реттеу техникалық құралдарының дұрыс орнатылуы тексеріліп келеді.
— Осы күнге дейін жол белгілерінің көрінуіне және жол жамылғысының сапасына әсер ететін 120-дан астам ақау анықталды. Сонымен қатар жол иелеріне 80-ге жуық нұсқама беріліп, жол ұйымдарының 8 басшысы жауапқа тартылды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ полицейлер 40-тан астам апаттық-қауіпті учаскені ретке келтіру бойынша ұсыныстар дайындады.
Еске салсақ, осыған дейін Батыс Қазақстанда жол апаттары салдарынан 50-ден астам адам көз жұмғаны хабарланған.