Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте солтүстік циклонның және онымен байланысты фронталды бөліктердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, республиканың оңтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысында өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде.
Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды және Қостанай облыстарының және Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде.
Осыған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинауға қолайсыз ауа райы болатыны туралы айтты.