Әуе компаниясы жолаушыларды басқа ұшаққа ауыстырды.
— Алдын ала мәлімет бойынша FV6097 Мәскеуден Санкт-Петербургке рейсін орындауға дайындалып жатқанда, басқа әуе компания ұшағының қанаты рульге тиіп, зақымданған, — делінген хабарламада.
Әуе компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта техникалық қызмет мамандары ұшақты тексеріп жатыр. Жолаушылар Мәскеу уақыты бойынша 23:08–де резервтік ұшақпен Санкт-Петербург рейсіне отырғызылды.
Шереметьево әуежайының онлайн ұшу ақпарат тақтасының мәліметінше, FV6097 рейсі Мәскеу уақытымен 20:30–да ұшып шығуы тиіс болған, бірақ рейс 23:39–да орындалды.
Айта кетейік, 13 жасар бала Кабулдан Делиге дейін ұшақтың шасси қуысына тығылып ұшқан.