Жалпы салмағы 272 тонна 728 килограммды құрайтын 26 вагон гуманитарлық көмек теміржол арқылы Кабул қаласына жеткізілді.
Оның ішінде шатырлар, қант, көрпелер, ет консервілері және ұн бар.
Айта кетейік, биыл сәуір айында да Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберген болатын. Ол кезде дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар және жеке қорғаныс құралдары әуе арқылы жеткізіліп, жалпы салмағы 3 тонна 396 килограммды құраған еді.
— Қазақстан тату көршілік қатынастарды нығайту бағытын ұстанып, өңірдегі гуманитарлық тұрақтылықты қамтамасыз етуге әрі қарай да атсалысуға дайын екендігін мәлімдеді, — делінген ақпаратта.