Таудағы жағдайды тікелей эфирде көрсететін камералар курорттың 3200 метр шыңында жүрген тауешкіні түсіріп алды.
Жарнамалық тақтаның жанында тұрған қос мүйізді жануар жан-жағына қарап, біраз тұрып, әрі қарай кетіп қалады.
Еске салайық, кеше Алматы тауларында қар жауғанын жазғанбыз. «Шымбұлақ» тау курортының Богданович мұздығы, Бүгел және ортаңғы станциясында орнатылған камераларынан бұл құбылысты тамашалау мүмкін болды.
Бұған дейін Алтынемелде сілеусін күшіктерімен бірге камераға түсіп қалғанын жазған едік. Бейнежазба енесінің артынан шамамен бір жастағы 3 сілеусін күшігінің еріп жүргені көруге болады.