Команда мәліметінше, Кайсаринова Астана мен Павлодарды жалғайтын тас жолда болған жол-көлік оқиғасының салдарынан көз жұмған. Белгілі болғандай, футболшы отырған көлік жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамағандықтан, көлік жүк көлігімен соқтығысқан.
Команда Виктория Кайсаринованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның жарқын ойыншы әрі нағыз дос болғанын атап өтті.
— «Жеңіс» футбол клубы Виктория Кайсаринованың отбасы мен жақындарына осы қайғылы жағдайға байланысты терең қайғырып, көңіл айтады.
Бүгін Павлодар-Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Салдарынан жүк көлігімен соқтығысқан.
Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Батыс Қазақстанда жол апаттары салдарынан 50-ден астам адам көз жұмды.