Аргентина, Мексика, Перу, Чили, Боливия, Уругвай, Доминикан Республикасы және Коста-Рика елдерінен жиналған Dears өнерпаздың репертуарындағы жүректі тербейтін туындылардың бірі — «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады.
Әннің музыкасын — Ренат Гайсин, ал сөзін белгілі ақын Қалқаман Сарин жазған. Көптеген қатысушы үшін бұл жоба тек музыкалық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетіне, әрі Димаштың шығармашылығына деген ерекше құрметтің көрінісі болды.
— Біз бұл ән арқылы тек әуезді әуенді ғана емес, оның жан тебірентер рухын жеткізгіміз келді. Димашқа және оның шығармашылығына деген махаббат — тіл мен мәдениет шекарасынан тыс, бүкіләлемдік құбылыс екенін дәлелдегіміз келді, — деп бөлісті жобаға қатысушылар.
Айта кетелік Димаштың музыкалық жобасы Каспий мен Бозжыраның сұлулығын әлемге паш еткен еді.