— ҚР аумағының басым бөлігі циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады, — дейді синоптиктер.
Шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын, түнгі уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.р Республиканың оңтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында да төтенше өрт қаупі болады.
Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.