Кезекті Құрылтай 2025 жылдың 22 желтоқсанында Бішкек қаласында өтеді.
Жарлыққа сәйкес, 700 делегаттық квота бөлінісі, уақытша ереже және Құрылтайды ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.
Делегаттарды сайлау тәртібі Ұлттық кеңес әзірлеп, бекітетін ереже негізінде анықталады.
Ұйымдастыру комитеті делегаттар сайлауын Конституциялық «Халықтық Құрылтай туралы» заңға сәйкес өткізуі, уақытша ереже аясында шешімдер қабылдауы және мемлекеттік органдардың, жергілікті әкімдіктердің өкілдерін, сарапшыларды тартуы тиіс.
Құрылтайды дайындау және сайлау процесін үйлестіруді келесі құрылымдар қамтамасыз етеді:
-
Халықтық Құрылтайдың ұйымдастыру комитеті мен хатшылығы,
-
Президенттің облыстардағы уәкілетті өкілдері,
-
Жергілікті мемлекеттік әкімшіліктер мен өзін-өзі басқару органдары,
-
Сыртқы істер министрлігі, Еңбек министрлігі, Мәдениет министрлігі және Қырғызстан халықтары ассамблеясы.
Ішкі істер министрлігіне делегаттар сайлауы кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылды.
Аталған жарлықтың орындалуын бақылау Президент әкімшілігінің ұйымдастыру жұмысы бөліміне жүктелді.
Бұдан бұрын Профильді комитет Қырғызстан парламентін өз еркімен тарату туралы ұсынысты мақұлдағанын жазғанбыз.