БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Ибрайымовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, аталмыш іс-шараның жеті күнінде 2 300-ден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.
Олжас Әзімбекұлының сөзіне қарағанда, соның ішінде мас күйінде автокөлік айдаған 32 жүргізушінің бесеуі бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Бұл бес адамға қатысты ҚР ҚК 346-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, 26 жүргізуші автокөлік руліне отырған. 115-і ұялы телефонды пайдаланса, 40 жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдаған. 186-сы бұрылу кезінде тәртіп сақтамаған. Басқа да ереже бұзушылықтар азаймай отыр.
— Биыл жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 52 адам қаза тапты. Мыңнан астам адам түрлі дене жарақатын алды. Жол апаттарының негізгі себептері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу болып қалып отыр, — деді Олжас Ибрайымов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын мас күйінде автокөлік айдаған полиция майорының қызметінен қуылғанын жазған едік.