Бүгін таңертеңнен бастап ТЖМ «Қазавиақұтқару» су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылып, жалпы көлемі 72 тонна болатын 24 рет су төгу жұмысы жүргізілді. Өрттің жалпы ауданы 45 гектар болды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Жетісу және Алматы облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері, «Қазавиорманқорғау», Жаркент орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» әуе кемесі жұмылдырылды. Барлығы шамамен 120 адам жеке құрам және 30-дан астам техника қатысты.


Құтқарушылар мен ҚР ТЖМ авиациясының үйлесімді іс-әрекеті, сондай-ақ барлық құрылымдардың өзара тиімді әрекеттесуі өрттің таралуына жол бермей, оны қысқа мерзімде толықтай сөндіруге мүмкіндік берді.
Айта кетелік Ақтөбеде құрғақ шөп өртенді.