Комиссия құрамына қоғам өкілдері, креативті индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих саласындағы сарапшылар кірген.
Отырыс барысында комиссия мүшелері ұйымдастыру мәселелерін қарастырып, жалпыұлттық конкурсты өткізу ережелерін бекітті.
— Қазақстан азаматтарының барынша көп қамтылуы үшін АЭС-ке үздік атау беру бойынша ұсыныстар eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылданады. Конкурстың атом саласы қызметкерлері күні қарсаңында басталуы — индустрияның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесінің айқын дәлелі, — деп Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев азаматтардың бұл процеске қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Талқылаулардың қорытындысы бойынша комиссия конкурстың өткізілу мерзімдерін бекітті:
* 25 қыркүйек — конкурстың басталуы туралы ресми хабарландыру;
* 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін — eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсыныстарды қабылдау;
* 11–20 қазан аралығы — келіп түскен ұсыныстарды талдау;
* қазан айының соңына дейін АЭС-тің үздік атауын анықтау.
АЭС-ке үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық конкурстың ережелері Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және Телеграм арнасында жарияланады.
Агенттік атап өткендей, конкурс ашық әрі айқын өтеді. Әрбір азамат АЭС-ке өз атауын ұсына алады, ал комиссияның қорытынды шешімі қазан айының соңына қарай белгілі болады.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлау керектігін мәлім еткен еді.