Жаңалықтар

Алматыда тұрғын үйдің жерасты тұрағын заңсыз сату дерегі тексеріледі

«Dragon City» тұрғын үй кешенінің тұрғындары Алматы әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу кезінде өз шағымдарын білдірді. Олардың айтуынша, бастапқы жоба бойынша пәтерлер паркингпен бірге сатылған. Алайда кейінірек шарттар өзгеріп, көлік орындарының құны 3-тен 10 млн теңгеге дейін өскен. Одан кейін бұл аумақ толығымен коммерцияға берілген. Тұрғындар пікірінше, бұл әу бастан жоспарланған алаяқтық әдіс.

Алматыда тұрғын үйдің жерасты тұрағын заңсыз сату дерегі тексеріледі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі жауапты органдарға осындай шешімдердің қалай қабылданғанын, кім рұқсат беріп, құжаттарға кім қол қойғанын анықтауды тапсырды.

Алматыда тұрғын үйдің жерасты тұрағын заңсыз сату дерегі тексеріледі
Фото: Алматы әкімдігі

— Іс-қимыл алгоритмі Экономикалық тергеу департаментімен, прокуратура, ТЖ және басқа да қызметтермен бірлесіп әзірленетін болады. Қажет болса, трансформаторлық қосалқы станцияны ауыстырамыз. Ең бастысы — кешеннің 2 жарым мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігі мен өміріне төнетін кез келген қатердің алдын алу, — деді әкім.

Алматыда тұрғын үйдің жерасты тұрағын заңсыз сату дерегі тексеріледі
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда аудан әкімдері қатаң сөгіс алды.

Добавить комментарий