— Агроөнеркәсіптік кешендегі басым процестерді автоматтандыру үшін жасанды интеллект агенттерін енгізуді қарастырудамыз. Бұл агент мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялар, өтінім беру мерзімдері және қажетті құжаттар туралы өзекті ақпаратты беретін болады. Чатбот Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми деректеріне негізделеді және фермерлерге қажетті жауаптарды тез алуға көмектеседі, — деді Қаныш Төлеушин.
Оның атап өтуінше, ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін автономды тракторлар мен комбайндарды, IoT, жасанды интеллект және Big Data-ны кеңінен қолдану, сондай-ақ мемлекет, бизнес және ғылым арасындағы ынтымақтастықты кеңейту қажет.
— Жалпы, ауыл шаруашылығын кешенді цифрландыру және заманауи технологияларды қолдану жерді тиімдірек пайдалануға және фермерлердің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі, — деді бірінші вице-министр.
Айта кетейік, астықты токенизациялау бойынша пилоттық жобаны Қостанай облысында сынақтан өткізу жоспарланып отыр.