— Қолданыстағы заңнама бойынша заңды тұлғалар бір-біріне 45 айлық есептік көрсеткіштен (194 625 теңгеден) жоғары мөлшерде қарыз болған жағдайда жеке кәсіпкерлер мен компанияның бірінші басшыларына Қазақстаннан шығуға шектеу қойылады. Осы нормаға да жаңа Салық кодексінде өзгеріс енгізіп отырмыз. Депутаттардан да сондай ұсыныстар түсті. Соның бәрін қарастыра келіп, қарыз сомасын 27 АЕК-ке дейін көтердік. 106 млн теңгеден жоғары қарызы бар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірінші тұлғалары ғана Қазақстаннан шығуға тыйым салынады, — деді ол онлайн баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, бұл шектеудің өзі соттың санкциясы арқылы іске асады.
— Бұл шектеуді уақытша тоқтата тұру мүмкіндіктері де қарастырылған. Қарызы бар тұлға шетелде шұғыл емделуі керек болған жағдайда шектеу қойылмайды. Бірақ «емделуге жіберу керек» деген шешімді сот қана қабылдай алады.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында салық берешегі барлардың банктегі есеп-шотын толық бұғаттамауды тапсырған болатын.
— Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек, — деген еді Президент.