ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1961) профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, хирург Нұрлан Мұхтарұлы АРЫН дүниеге келді.

Алматы қаласының тумасы. 1984 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген, педиатр.
Еңбек жолы: балалар хирургиясы бойынша интернатура, Алматы облысы Кеген орталық аудандық ауруханасында хирург дәрігер (1984-1985); Алматы мемлекеттік медицина институтында балалар хирургиясы бойынша клиникалық ординатура (1985-1987); Алматы қаласындағы №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының жедел хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері (1987 жылдан); С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының балалар жүйке жарақаттары зертханасының кіші ғылыми қызметкері (1989-1990); С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті (1990-1994); А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері, өкпе хирургиясы және жалпы балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі (1994-1998); А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының кеуде-абдоминальды хирургия бөлімшесінің меңгерушісі (1998-2003); «Мейірім» көпсалалы медицина орталығы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Астана) директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары (2003-2005).
2002 жылы балалар хирургиясы бойынша ғылыми жұмыстар топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты атағы берілді. 2005 жылы «Қазақстандағы ғылымды дамытқаны үшін» медалімен марапатталған.
49 жыл бұрын (1976) Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Жапарханұлы ҚОЗБЕКОВ дүниеге келді.

Талдықорған облысы Панфилов ауданы Көктал ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Экономист- маркетолог» және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша салық комитетінің Салық аудиті бөлімінде салық инспекторы лауазымынан бастаған.
Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. 2020-2022 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті. 2022 жылы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды. 2022-2025 жылдары Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметіне 2025 жылдың сәуір айында кірісті.
43 жыл бұрын (1982) ҚР АФМ Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бастығы Данияр Дуппайұлы ӘЛИЕВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын (2004); Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (2016); Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын (2020) бітірген.
Еңбек жолы: 2004-2015 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында қызмет атқарды. 2015 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаментінің Қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеу бөлімінің бастығы, 2015-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, 2019 жылы Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы, 2019-2022 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
41 жыл бұрын (1984) Абай облысы Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Бақытжанұлы ҚОЙГЕЛДИН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша (2005); Қазақ қаржы-экономикалық академиясын, «Қаржы» мамандығы бойынша (2010); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген (2011).
Еңбек жолы: 2006 жылы Көкпекті ауданы мәслихаты аппаратының бас маманының міндетін атқарушы, 2006-2008 жылдары Көкпекті ауданы мәслихаты аппаратының бас маманы, 2008-2009 жылдары Көкпекті ауданы мәслихаты аппаратының бөлім басшысы, 2009-2011 жылдары Көкпекті ауданы мәслихаты аппаратының басшысы, 2011-2018 жылдары ШҚО Көкпекті ауданы К.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі, 2018-2024 жылдары Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.