«Қайрат» — «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымы 23 қыркүйекте сағат 17:00–де басталады.
Әрбір матчқа билеттің бағасы — 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болады. Сектор бойынша баға келесідей:
- Батыс трибуна 1-9 сектор (1-2 қатар) — 30 мың;
- Солтүстік / Оңтүстік трибуналар — 75 мың;
- Шығыс трибуна — 150 мың;
- Батыс трибуна — 250 мың;
Ережеге сәйкес, бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды, билет алған кезде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері көрсетілуі қажет. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі.
Билеттерді Ticketon платформасында, FCKAIRAT.COM сайтында және Qairat Superapp қосымшасында сатып алуға болады.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының алғашқы кездесуінде «Қайрат» «Спортингке» есе жіберді.