— Осы тарихи сәттің маған бұйырғанына қатты қуаныштымын. Бұл жеңіс біздің күрес түрінің алға қарай дамуына жаңа серпін беруге үлкен мүмкіндік болады деп ойлаймын. Осы мүмкіндікті жіберіп алуға болмайтынын сездім, сол үшін барымды салдым. Тек алға жүріп, халқымды қуантқым келді. Құлақ сынды, қабақ жарылды. Бірақ, мақсатым алтын медаль жеңіп алу болды, — деді ол.
Сонымен қатар, Айдос жеңісті не үшін салқын қандылықпен қабылдағанын түсіндірді.
— Менің ойымша, боз кілемде секіріп қуанышты тойлау ер адамға лайықты емес деген ұстаным болды. Сол себепті, барынша лайықты эмоция көрсеттім, — дейді спортшы.
Даңықты спортшы сөз соңында команда мүшелеріне және бапкерлер құрамына өз алғысын айтты.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Айдос Сұлтанғали Қазақстан тарихында грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын алды.
Сондай-ақ, елорда тұрғындары әлем чемпионын Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.