Бұл марапат төртінші мәрте жыл қорытындысына емес, футбол маусымының нәтижесі бойынша өтті. Онда 2014 жылдың 1 тамызы мен 2025 жылдың 25 шілдесі аралығындағы футболшылардың көрсеткіші есепке алынды.
Оған спорт журналистері дауыс берді. Олар 10 спортшыны таңдады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы «Алтын допқа» қол жеткізеді.
Оған басты үміткерлер қатарында алғашқы бестікте Джуд Беллингем, Вирджил ван Дейк, Винисиус Жуниор, Флориан Вирц, Витинья енгізілді.
Биыл 68-ші мәрте өткізілген дәстүрлі іс-шара әлемдегі үздік футболшыларды анықтау мақсатында қолға алынған. 1956 жылдан бері «France Football» журналының қолдауымен тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Ереже ойынша ерлер мен әйелдер арасында «Алтын доп» иегері анықталып, 21 жасқа дейінгі футболшылар арасында «Копа трофейі», үздік қақпашыға «Яшин трофейі» берілді. Сондай-ақ үздік ерлер және әйелдер командалары анықталды. Ал өткен маусымдағы үздік сұрмергенге Герд Мюллер трофейі табысталды.
Былтыр олардың қатарына тағы екі жаңа марапат қосылды. Енді ерлер және әйелдер командалары арасында үздік бапкерлер есімі белгілі болды.
Копа трофейі: Ламин Ямаль («Барселона», Испания құрамасы).
Яшин трофейі (ерлер) — Джанлуиджи Доннарумма (Италия, «Манчестер Сити»), (әйелдер) — Ханна Хэмптон (Англия, «Челси»)
Үздік клуб (ерлер): «Пари Сен-Жермен» (Франция).
Үздік клуб (әйелдер): «Арсенал» (Англия).
Үздік бапкер (ерлер): Луис Энрике («Пари Сен-Жермен», Франция)
Үздік бапкер (әйелдер): Сарина Вигман (Англия құрамасы)
Өткен жылы Англияның «Манчестер Сити» командасында ойнайтын испаниялық Родри (Родриго Эрнандес) футболдан 2024 жылғы «Алтын доп» иегері болды.